Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарҚысқы спорт түрлері

«Батырымыз мәңгі жүрегімізде»: Қайрат Нұртас Денис Теннің анасымен жолықты (ВИДЕО)

Фото:@Kair_n

Қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртас Олимпиада жүлдегері, марқұм Денис Теннің анасы Оксана Тенге арнайы барып, құрмет көрсетті. Желіде тараған видеода әншінің Оксана Тенге үлкен гүл шоғын ұсынып келгені көрінеді.

Қайрат Нұртас әлеуметтік желідегі жазбасында Денис Теннің ел спортындағы орнын ерекше атап өтті.

«Батырымыз мәңгі жүрегімізде», – деп жазған әнші марқұм спортшыны халық мақтанышы ретінде сипаттады.

Жазбада әнші Оксана Тенді Қазақстанның Олимпиададағы тарихи жетістігімен құттықтағаны айтылған. Италия төрінде өткен XXV қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров ел қоржынына алтын медаль салды.

Қайрат Нұртас бұл жеңістердің бастауында Денис Тен тұрғанын атап өтті:

«Михаил бауырым Олимпиаданың алтынын сыйлап, барша қазақты қуантты. Бауырыма сәттілік! Бірақ мен дәл қазір Денис Теннің анасы Оксана анамызға келдім. Кешегі жеңістің бәрі – Денис Теннің арқасы. Алғашқы қадамды жасаған – Денис Тен. Мұндай ұлды туған сізге рақмет! Сізге ұзақ ғұмыр тілейміз! Сіз барша қазақ елінің анасысыз», – деді әнші.

Кездесу барысында Оксана Тен де жылы лебізін білдіріп, Қайрат Нұртасқа уақыт бөліп келгені үшін алғыс айтты. Сонымен қатар, марқұм Денистің Қайратқа құрметпен қарайтынын еске алған.

Оксана Тен жас спортшыларға қолдау көрсету жөнінде өтініш білдіріп, әнші олардың бір жобасына қатысуға ықыласпен келіскен.

Еске салайық, Денис Тен 2014 жылы 2014 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарында қола жүлде алып, Қазақстанға мәнерлеп сырғанаудан алғашқы Олимпиада медалін сыйлаған еді.

Ал Михаил Шайдоров Италияда өткен ақ Олимпиадада топ жарып, 32 жылдан кейін Қазақстанға қысқы Олимпиада ойындарында алтын жүлде әкелді.

Әлеуметтік желі қолданушылары Қайрат Нұртастың бұл қадамын қолдап, Оксана Тенге ақжарма тілектерін жолдауда.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от beksports (@beksports.kz)

Ұқсас жаңалықтар

Юрген Клопп бас бапкерлікке оралуы мүмкін

Redaktor

Қазақстан құрамасының ту ұстаушысы Олимпиада финалына шықты

Redaktor

«Ақтөбе» Марко Ройсқа ресми ұсыныс жасады

Redaktor