Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Ламин Ямаль Ла Лиганың ғасырға жуық сақталған рекордын жаңартты

Фото: "Барселона" ФК

Каталониялық «Барселона» клубының футболшысы Ламин Ямаль 19 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы Ла Лига рекордын жаңартты.

Transfermarkt.es дерегінше, Ямаль Испания чемпионатының бір маусымында өз жас санатында ең көп гол соққан футболшы атанды. Оның еншісінде қазірдің өзінде 13 гол бар. Осылайша, 1929/30 маусымынан бері сақталып келген Хосе Ирарагорридің (12 гол) көрсеткіші жаңарды.

Рекорд Испания чемпионатының 26-турда тіркелді. Ямаль «Вильярреал» қақпасына хет-трик жасап, «Барселона» 4:1 есебімен жеңіске жетті.

2025/26 маусымында Ямаль барлық турнирде 34 матч өткізіп, 18 гол соғып, 14 нәтижелі пас берген.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қуат Хамитов халықаралық турнирде жеңіске жетті

Redaktor

Қысқы Олимпиадаға баратын отандық конькишілер белгілі болды

Redaktor

Александр Заруцкий «Қайраттан» кетті

Redaktor