Beksports спорт порталы
Басқа спорт түрлеріЖаңалықтар

«XDS Astana Team» велошабандозы Франциядағы көпкүндікте жеңіске жетті

Фото: gettyimages.com

Германиялық велошабандоз, «XDS Astana Team» құрамасының өкілі Макс Кантер Францияда өтіп жатқан беделді Париж-Ницца көпкүндік жарысының екінші кезеңінде жеңімпаз атанды.

Ұзындығы 187 шақырымды құраған кезең Эпон – Монтаржи бағыты бойынша өтті. Макс Кантер қашықтықты 4 сағат 25 минут 07 секундта жүріп өтіп, мәре сызығын бірінші болып кесті.
Екінші орынға «Red Bull-BORA-hansgrohe» командасының жаңа зеландиялық спортшысы Лоренс Пити ие болса, үшінші орынды бельгиялық Яспер Стюйвен («Soudal Quick-Step») иеленді.

«XDS Astana Team» сапындағы тағы бір велошабандоз, нидерландтық Майк Тёниссен кезеңді 17-орында аяқтады. Колумбиялық Харольд Техада 32-орынға тұрақтаса, қазақстандық Евгений Федоров 33-нәтиже көрсетті. Ал тағы бір қазақстандық спортшы Николя Винокуров 37-орынға жайғасты.

Команданың өзге өкілдері де жарысты аяқтады: италиялық Никола Кончи 58-орын алса, нидерландтық Даррен ван Беккум 94-орында мәреге жетті.

Екі кезеңнің қорытындысы бойынша жалпы есептегі «XDS Astana Team» велошабандоздарының орындары да белгілі болды.

Команда ішінде ең жоғары нәтижені Майк Тёниссен көрсетіп, жалпы классификацияда 10-орында тұр. Ол жарыс көшбасшысынан 12 секундқа қалып келеді.

Николя Винокуров жалпы есепте 21-орында болса, Харольд Техада 28-орынды иеленіп отыр. Екеуі де көшбасшыдан 12 секундқа қалып келеді.

Даррен ван Беккум 82-орында орналасқан. Евгений Федоров 112-орында және көшбасшыдан 3 минут 25 секундқа артта. Екінші кезеңнің жеңімпазы Макс Кантер жалпы есепте 122-орында (артта қалу – 4 минут 48 секунд). Ал Никола Кончи 137-орында, оның айырмасы 6 минут 30 секунд.

Ұқсас жаңалықтар

Танымал боксшы Марат Мәзімбаевтың жары өмірден өтті

Redaktor

Жаңа стадионда өтетін Қазақстан кубогы кімге бұйырады

Redaktor

Сүйінші хабар! Қазақстандық жас теннисші ITF турниріндегі алғашқы жеке жеңісіне жетті

Redaktor