Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚысқы спорт түрлері

Евгений Кошкин Нидерландтағы супер-турнирде екінші жыл қатарынан жеңіске жетті

НОК

Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының өкілі Евгений Кошкин Нидерландтың Леварден қаласында өтіп жатқан «Күміс шар» халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды.

Қазақстандық спортшы 100 метр қашықтықта топ жарды.

Кошкин барлық кезеңде, соның ішінде жартылай финал мен финалда да бірінші болып мәреге жетті. Шешуші жарыста ол 9,56 секундта мәреге жетті.

Екінші орынды нидерландтық Стефан Вестенбрук иеленді — 9,69. Ал Мац ван де Бос (Нидерланд) 9,82 секунд көрсеткішпен үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, Евгений Кошкин 2026 жылғы Олимпиада ойындарында 500 метр қашықтықта сынға түсіп, жарысты тоғызыншы орынмен аяқтаған еді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанның бес дүркін чемпионы Бірінші лигаға жолдама алды

Redaktor

Бақыт Сәрсекбаев бокстан жастар құрамасының әлеуетіне баға берді

Redaktor

Қазақстан премьер-лигасының дебютанты «Ұлытау» және Жезқазған футболы туралы не білеміз?

Redaktor