Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарТеннис

Ресми: Елена Рыбакина әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді

ҚТФ

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA Live рейтингінде алғаш рет екінші орынға көтерілді.

АҚШ-та өтіп жатқан BNP Paribas Open турнирінің жартылай финалына шыққаннан кейін қазақстандық теннисші 7 523 ұпаймен поляк спортшысы Ига Швентекті басып озды.

Ал ширек финалда украиналық Элина Свитолинадан жеңілген Швентек 7 413 ұпаймен үшінші орынға түсті. Рейтингтің көшін 10 415 ұпаймен белоруссиялық Арина Соболенко бастап тұр.

Индиан-Уэллс турнирі аяқталғанға дейін ұпайлар өзгеруі мүмкін. Дегенмен дүйсенбіде жаңартылатын WTA рейтингінде Рыбакинаның екінші орынға көтерілетіні анық. Бұл – оның карьерасындағы ең жоғары нәтиже.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақ күресінен ASSYL ARLAN турнирінің жеңімпаздары анықталды

Redaktor

Канадалық шабуылшы биыл «Барыс» сапында ойнайды

Redaktor

Бублик 1 миллион долларлық жүлде қорына ие турнирге қатысады

Redaktor