Марқұм Асанәлі Әшімовтің жары Бағдат Әшімова Сәкен Майғазиевтің үйінде өткен ауызашарға қатысып, жұбайын сағынышпен еске алып, көпшілік алдында толқып жылап қалды.
Кездесу барысында ол өмірлік серігімен бірге өткізген жылдарын еске алып, жүрекжарды сөзін жеткізді.
Бағдат Әшімова сөзінде ауызашарға арнайы шақырып, көңіл білдірген үй иесіне алғыс айтып, жиналған қауымға да ризашылығын білдірді. Ол Асанәлі Әшімовпен бірге өткен 23 жыл 1 ай 3 күннің өзіне өмірлік азық болғанын атап өтті.
«Сағынышым әлі басыла қойған жоқ. Мен бақытты ғұмыр кештім. Жаманның қасында жүргенше, жақсының аяғында жат дейді. Асекеңнің жанында өткізген уақытым менің қалған өміріме жол салып кетті», – деді ол.
Сондай-ақ, ол марқұм жұбайының елге сіңірген еңбегін ерекше атап өтіп, оның рухына адал қызмет ететінін жеткізді.
Кеш соңында Бағдат Әшімова Сәкен Майғазиевке ақ батасын беріп, алғысын білдірді. Әлеуметтік желі қолданушылары да оның шынайы сөздеріне тәнті болып, жылы пікірлерін жаудырды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
