Beksports спорт порталы
Басқа спорт түрлеріБасты ақпаратЖаңалықтар

Қазақстан спортшыларының Олимпиада формасы OLX-те сатылып жатыр

ТСМ

Әлеуметтік желілер мен хабарландыру сайттарында Қазақстан құрамасының Милан-Кортина 2026 қысқы Олимпиадасына арналған салтанатты спорттық киімдері сатылымға шыққаны туралы ақпарат тарады. Атап айтқанда, OLX платформасында ұлттық құраманың Олимпиададағы және қысқы Азия ойындарындағы қысқы киімі сатылып жатыр.

Айта кету керек, негізінен Олимпиадаға арналған ресми спорттық форма әдетте еркін сатылымға шығарылмайды. Ол тек ұлттық құраманың спортшыларына, жаттықтырушылар штабына және ресми делегация мүшелеріне арнайы беріледі.

Хабарландыру сайттарында жарияланған өнімдердің түпнұсқалығы мен қайдан алынғаны әзірге белгісіз. Сарапшылар мұндай жағдайларда көбіне ресми нұсқаға ұқсас көшірме (реплика) немесе жеке адамдардың қолына түскен экипировкалар сатылымға шығуы мүмкін екенін айтады.

Ұқсас жаңалықтар

Канадалық шабуылшы биыл «Барыс» сапында ойнайды

Redaktor

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» «Семейден» басым түсті

Redaktor

«Ақтөбе» клубындағы дау неден туындады?

Redaktor