Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарКүрес

Али Хамхоев ингуш халқы атынан қазақстандықтарды Наурызбен құттықтады

әлеуметтік желі

Белгілі спорт қайраткері әрі меценат Али Хамхоев ингуш халқы атынан қазақстандықтарды Наурызбен құттықтады

Алматы қаласындағы Ингуш қоғамдық бірлестігінің төрағасы, танымал спорт және қоғам қайраткері, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстан дзюдо федерациясының вице-президенті әрі Алматы қалалық дзюдо федерациясының президенті Али Хамхоев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады.

Ол Наурыздың табиғаттың жаңаруы мен жаңа өмір кезеңінің басталуын білдіретін, татулық пен өзара сыйластықты дәріптейтін ерекше мереке екенін атап өтті.

«Барша отандастарымды көктемнің шуақты мерекесі – Наурызбен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз мейрамы құтты болсын! Бұл мейрам – табиғаттың жаңаруының, тіршіліктің түлеп, жаңа кезеңнің басталуының белгісі. Сондай-ақ ол адамдар арасындағы бейбітшілік пен келісімнің жарқын нышаны. Тамыры терең Наурыз әртүрлі ұлт пен мәдениет өкілдерін ортақ құндылықтар төңірегіне топтастырып, достық, өзара құрмет пен тату көршілік дәстүрін нығайта түседі. Осындай бірлік пен жарастықты Қазақстан халқы әрдайым жоғары бағалайды», – деді Али Хамхоев.

Сонымен қатар ол елдегі қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың маңызын ерекше атап өтті. Оның сөзінше, елімізде өткен жалпыхалықтық референдум азаматтардың Жаңа Қазақстанды құру, даму мен өркендеу жолын қолдайтынын көрсетті. Бұл қоғамның бірлікке, тұрақтылыққа және ел болашағын бірге қалыптастыруға деген ұмтылысын тағы бір мәрте айқындады.

Али Хамхоев ингуш халқының қазақ халқына деген ерекше ықыласы мен алғысын да жеткізді.

«Ингуш халқы қазақ жұртының қонақжайлығын, қолдауын және халықтар арасындағы достық дәстүрін сақтап келе жатқанын шынайы құрметпен қабылдайды. Біз үшін көпұлтты Қазақстанның үлкен отбасының бір бөлігі болу – зор мәртебе. Әр шаңыраққа амандық, денсаулық, қуаныш пен молшылық тілеймін. Наурыз әр үйге жаңа үміт, игі бастама және ертеңгі күнге деген сенім әкелсін. Баршаңызға бейбіт өмір, татулық пен өркендеу тілеймін», – деді ол.

Ұқсас жаңалықтар

Бокстан әлем чемпионатына қатысатын Ресей құрамасының боксшылары белгілі болды

Redaktor

«Ақтөбе» Марко Ройсқа ресми ұсыныс жасады

Redaktor

Бүгін «Қайрат» Чемпиондар лигасының плей-оффына шығу үшін шешуші ойын өткізеді

Redaktor