Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

ҚПЛ клубтары легионерлерсіз ойнауы мүмкін

ҚФФ

Қазақстан футболында легионерлерге қатысты жаңа шектеулер енгізілуі ықтимал. Қазақстан футбол федерациясы ел кубогының бастапқы кезеңінде Премьер-лига клубтарына шетелдік ойыншыларсыз ойнау немесе олардың санын шектеу жөнінде ұсыныс жасауды қарастырып жатыр.

Қазіргі таңда 1/16 финал кезеңінде легионерлердің қатысуына қатысты нақты шешім қабылданған жоқ. Бұл мәселе алдымен клубтармен талқыланып, содан кейін түпкілікті шешім шығарылады.

Алғашқы ойындар 8-9 сәуір күндеріне жоспарланған. Бұл кезеңде командалар бір матчтан өткізіп, келесі айналымға жолдама үшін бақ сынайды.

Айта кетейік, Қазақстан кубогына Премьер-лига, Бірінші және Екінші лига клубтарымен қатар әуесқой командалар да қатысады. Турнир жеңімпазы келесі маусымда еурокубоктарға қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Ұқсас жаңалықтар

Ербол Мырзабосынов Черчесовтің әрекетін кешіруге шақырды

Redaktor

Қазақстан құрамасы Ташкентте Өзбекстаннан реванш алды

Redaktor

Легионерлер кетсе, қазақ футболы құриды — Самат Смақов

Redaktor