Өзбекстандық файтер Шахзод Узаков өткен жылдың қараша айында көшеде болған жанжалға қатысып, досымен бірге екі азаматқа күш қолданғаны үшін ұсталған.
Алғашында сот оған 4 жыл үйқамақ жазасын тағайындаған. Алайда белгіленген талаптарды бұзғаннан кейін іс қайта қаралып, спортшы 3 жылға түрмеге қамалды.
Өзбекстандық файтер қазақстандық жанкүйерлерге Еркебұлан Тоқтар арқылы таныс болған. Ташкентте өткен турнирде жекпе-жектен кейін Узоков рингке шығып, Тоқтарға ашық түрде жекпе-жекке шақырған еді.
Бұл жағдай көрермендердің қызығушылығын тудырып, кейін олардың жекпе-жегін ұйымдастыру бойынша келіссөздер басталған.
Айта кетейік, Еркебұлан Тоқтар соңғы жекпе-жегін 26 желтоқсанда өткізіп, ресейлік боксшы Тимур Никулинді бірінші раундта нокаутпен жеңген.
Ал Узоков соңғы рет ақпан айында өткен турнирде әзербайжандық Мухаммадали Нурусовпен кездесіп, бірінші раундта жеңіліп қалған.
