Beksports спорт порталы
Теннис

Елена Рыбакина Майамидегі турнирдің төртінші айналымына өтті

Фото: Getty images

Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемнің №2 теннисшісі Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Майами WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына сенімді түрде жолдама алды.

Үшінші айналымда қазақстандық спортшы әлемнің 28-ракеткасы, украиналық Марта Костюкпен кездесіп, екі сетте жеңіске жетті – 6:3, 6:4.

Алғашқы партияда Рыбакина 4:1 есебімен алға шығып, басымдылығын сақтап қалды. Екінші сетте есеп 3:3 болған сәтте маңызды брейк жасап, матч тағдырын өз пайдасына шешті.

Кездесу 1 сағат 22 минутқа созылды. Ойын барысында Рыбакина 1 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың екеуін сәтті пайдаланды. Ал Костюк 3 эйс орындағанымен, брейк мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмады.

Енді қазақстандық теннисші ширек финалға шығу үшін әлемнің 68-ракеткасы, аустралиялық Талия Гибсонмен кездеседі. Ол өз кезегінде америкалық Ива Йовичті (№17) 6:2, 6:2 есебімен айқын жеңген.

Айта кетейік, Елена Рыбакина Майами турнирінде соңғы екі жылда (2023, 2024) финалға дейін жеткен болатын. Биыл да отандасымыздан жоғары нәтиже күтілуде.

Майами турнирі 17-28 наурыз аралығында өтеді. Жалпы жүлде қоры 18,8 миллион долларды құрайды. Жекелей сында жеңімпаз 1,15 миллион доллар сыйақы алады.

Ұқсас жаңалықтар

Елена Рыбакина қатарынан екінші турнирде жеңілді

Redaktor

Ресми: Елена Рыбакина әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді

Redaktor

Кирилл Герасименко Олимпиадада жеңілген спортшыдан есе қайтарды

Redaktor