Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Роза Рымбаева ел білмейтін отбасылық сырымен бөлісті

Фото: instagram.com/ROZARYMBAEVA

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева көпшілік біле бермейтін өмірлік сырымен бөлісті.

Өнер иесі ұлдары Әли мен Мәдиден бөлек, Әлия мен Мәншүк есімді қыздарды да өз қамқорлығына алғанын айтты. Әншінің сөзінше, бұл шешім тағдырдың ауыр сынағы түскен сәтте қабылданған.

Роза Рымбаева бұл туралы «Көреміз» бағдарламасында баяндады. Оның айтуынша, жолдасы, белгілі музыкант Тасқын Оқапов өмірден өткеннен кейін, арада уақыт өте қыздардың ата-анасы да бірінен соң бірі қайтыс болған.

«Осы жағдайдан кейін бірден шешім қабылдадым. Бұл екі қыз менімен бірге тұрады дедім. Менің екі ұлым не ішсе, не кисе, қыздар да соны көреді, бәріміз бір отбасы боламыз деп, екі қызды қолыма алдым», – деді әнші.

Сондай-ақ ол бұл жауапкершілікті марқұм жақындарының аманаты деп қабылдағанын жеткізді.

«Мен өте бақытты болдым. Барлық жауапкершілік менің мойнымда қалды. Сол кісілердің аманаты деп қабылдадым. Осы отбасыға мен жауаптымын дедім. Бүгінде олардан маған деген ризашылықты, құрметті, махаббатты көремін. Олар мені анасының орнына ана деп санайды. Әруақтар да риза шығар деп ойлаймын», – деп ағынан жарылды Роза Қуанышқызы.

Әншінің бұл әрекеті көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Желі қолданушылары оған алғыс айтып, ана ретіндегі болмысына тәнті болғандарын жазды.

Пікір қалдырушылардың бірі: «Бас иеміз», «Мықтысыз, Роза апай», «Сізді ең алдымен керемет ана ретінде бағалаймын», «Қандай үлкен жүрек!» – деп жазды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от «Koremiz Show» бағдарламасы (@koremiz_show)

Ұқсас жаңалықтар

Гүлзира Айдарбекова тоқалдықты заңдастыру идеясын сынға алды

Redaktor

Күзетпен жүргенге не жетсін — Дариға Бадықова

Redaktor

Жол апатынан кейін Қайраттың көзінде тыртық қалды — Гүлзира Айдарбекова

Redaktor