Қазақстандық теннисші Александр Бублик әлемдік турдың ең жарқын өкілдерін жинайтын Ultimate Tennis Showdown көрнекі турниріне қатысады.
Жарыстар 3–4 сәуір күндері Францияның Ним қаласында өтеді. ATP рейтингінде 11-орында тұрған Бублик бәсекені бірден ширек финалдан бастайды. Оның алғашқы қарсыласы – Франция өкілі Уго Умбер.
Қазақстандық спортшымен қатар, турнирге бірнеше танымал ойыншылар да қатысады: Карен Хачанов, Феликс Оже-Альяссим, Григор Димитров, Андрей Рублев, Алехандро Давидович Фокина және Каспер Рууд.
Ширек финал жұптары:
Оже-Альяссим – Димитров
Рублев – Давидович Фокина
Рууд – Хачанов
Бублик – Умбер
Ширек финалдағы барлық матчтар 3 сәуірде өтеді. Келесі күні жартылай финалдар мен турнир финалы ұйымдастырылады.
Жалпы жүлде қоры – 1 миллион доллар. Турнир жеңімпазы 301 мың долларға дейінгі сыйақыға ие болады.
