Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

Қазақстандық екінші боксшы Азия чемпионатынан шығып қалды

ҚБФ

Моңғолияның Ұлан-Батор қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы тағы бір спортшысынан айырылды.

54 келі салмақта сынға түскен Элина Базарова 1/8 финалда үндістандық Притимен қолғап түйістіріп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен (5:0) жеңіліп қалды. Нәтижесінде қарсыласы ширек финалға өтті.

Бұл күн тағы бір қазақстандық боксшы үшін сәтсіз аяқталды. 51 келі салмақта өнер көрсеткен Жазира Орақбаева КХДР өкілі Кум Бель Анға қарсы жекпе-жекте жарақат алып, кездесуді мерзімінен бұрын тоқтатуға мәжбүр болды.

Айта кетейік, Азия чемпионаты World Boxing ұйымының аясында өтіп жатыр және 10 сәуірге дейін жалғасады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандық боксшылар World Boxing ұйымының жыл үздіктері қатарына енді

Redaktor

Рыбакинаны жеңген теннисші Уимблдонда чемпион атанды

Redaktor

Михаил Шайдоров Олимпиададағы костюмін мұражайға тапсырды

Redaktor