Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

Қазақстандық әлем чемпионы Азия чемпионатында сенімді жеңіспен бастады

©IBA

Моңғолияның Ұлан-Батор қаласында  бокстан Азия чемпионаты жалғасып жатыр.

Бүгін ел құрамасынан бірінші болып шаршы алаңға шыққан әлем чемпионы Оразбек Асылқұлов 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/8 финалда ол Филиппин өкілі Пол Джулифер Басконды айқын басымдықпен жеңді.

Келесі кездесуде ол жапониялық Шунсуке Китамотомен жұдырықтасады, ол бұған дейін сенсациялық түрде тәжікстандық Акмаль Убайдовты жеңген болатын.

Айта кетейік, Асылқұлов қазіргі уақытта IBA бойынша 57 келіге дейінгі әлем чемпионы. 2026 жылдан бастап ол Олимпиадалық 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетуде.

Ұқсас жаңалықтар

Головкин рингке оралуы жайлы айтты

Redaktor

Жәнібек Канеломен жекпе-жек уақытын «белгіледі»

admin_beksports

Екі күн бойы ұйықтамадым — Михаил Шайдоров

Redaktor