Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Италия құрамасы тағы да футболдан әлем чемпионатына шыға алмады

фото: Getty Images

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына Еуропа құрлығынан қатысатын барлық құрамалар плей-офф кезеңінің қорытындысы бойынша белгілі болды.

Шешуші ойындар нәтижесінде жолдамаға келесі құрамалар ие болды:

Чехия (Дания – 2:2, пенальтиде 3:1)

Босния және Герцеговина (Италия – 1:1, пенальтиде 4:1)

Түркия (Косово – 1:0)

Швеция (Польша – 3:2)

Топтық кезеңдегі құрамалар мынадай бөлінді:

Чехия А тобында Мексика, Оңтүстік Африка Республикасы және Оңтүстік Корея құрамаларымен ойнайды.

Босния және Герцеговина В тобында Канада, Катар және Швейцария құрамаларына қарсы алаңға шығады.

Түркия D тобында АҚШ, Парагвай және Австралия құрамаларымен кездеседі.

Швеция F тобында Нидерланд, Жапония және Тунис құрамаларымен бақ сынайды.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты алғаш рет кеңейтілген форматта өтеді. Турнирге 48 құрама қатысып, олар төрт командадан 12 топқа бөлінеді.

Әлем біріншілігі 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексика елдерінде ұйымдастырылады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан құрамасы Президент Кубогындағы алғашқы матчта «Ладаға» ойсырай жеңілді

Redaktor

Қазақстан спортшыларының Олимпиада формасы OLX-те сатылып жатыр

Redaktor

Головкин Әлия Юсуповамен жолықты

Redaktor