Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

15 жастағы қазақ футболшысы «Барселона» ойыншы атанды

Karim Mendikanov / MD

Каталонияның әйгілі «Барселона» клубы Қазақстаннан шыққан жас ойыншы Кәрім Меңдіқановпен келісімшарт жасасты.

Жас вингер енді келесі маусымнан бастап клубтың академиялық жүйесінде өнер көрсетеді. Осылайша, ол «Барселона» тарихында ойнайтын алғашқы қазақстандық футболшы атанып отыр.

Кәрім Меңдіқанов 2011 жылы Қазақстанда дүниеге келген. 2022 жылы Испанияға көшіп, содан бері Каталонияда футболмен тұрақты түрде айналысып келеді.

Алғашында ол «Cerdanyola» клубында өнер көрсетіп, кейін «Sant Cugat» FC командасына ауысты. Сол жерде негізгі құрамда тұрақты ойнап, бапкерлердің сеніміне ие болған.

Оң қанатта ойнайтын шабуылшы өзінің жылдамдығымен, дриблинг қабілетімен және ойын өрнегімен ерекшеленеді.

Жас футболшыға Испанияның бірнеше клубы қызығушылық танытқанымен, ол «Барселона» клубын таңдады. Қазіргі уақытта ол жаңа командасымен бірге жаттығу жасап жүр.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Елена Рыбакина екі апта ішінде Соболенкодан екі рет жеңілді

Redaktor

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Аустрия Гран-приін 1 алтын, 1 қоламен аяқтады

Redaktor

Әлем чемпионаты: Иранның орнына Италия құрамасы баруы мүмкін

Redaktor