Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарТеннис

Елена Рыбакина екі апта ішінде Соболенкодан екі рет жеңілді

ҚТФ

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өткен беделді WTA 1000 – Miami Open додасындағы өнерін аяқтады. Финал жолдамасы сарапқа салынған тартысты бәсекеде отандасымыз Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездесті.

Әлемдік теннис көшбасшыларының текетіресі күтілгендей жоғары деңгейдегі қарқынмен өтті. Алғашқы партияда қос спортшы да жойқын соққылар мен шабуыл шебіндегі агрессивті тактикаға басымдық берді. Еленаның табанды қарсылығы мен басымдықты иеленуге тырысқан талпыныстарына қарамастан, сет соңында қарсыласы жинақылық танытып, есепті өз пайдасына шешті – 6:4.

Екінші кезеңде де Соболенко басымдығын нығайта түсіп, отандасымызға ойын ағымын өзгертуге мүмкіндік бермеді – 6:3.

Бұл теннисистердің өзара өткізген 17-ші кездесуі болды. Енді жеке текетірес есебі Соболенконың пайдасына 10:7 болып тұр. Miami Open титулы сарапқа салынатын шешуші матчта ол әлемнің төртінші ракеткасы, америкалық Коко Гауффпен кездеседі.

 

Ұқсас жаңалықтар

Кроуфорд Жәнібек Әлімханұлының ұсынысынан кейін жекпе-жекке дайын екенін айтты

Redaktor

Тимофей Скатов әлемдік рейтингіде бірден 38 сатыға жоғарылады

Redaktor

Александр Бублик Парижде сәтсіздікке ұшырап, маңызды турнирден тыс қалды

Redaktor