Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының финалына шыға алмады

ҚФБ

Моңғолия астанасы Ұланбатырда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия чемпионатында 6 сәуірде Махмұд Сабырхан (55 келі) қола жүлдеге қол жеткізді.

Қазақстандық боксшы жартылай финалда моңғолиялық Хархуу Билгуунсайханмен қолғап түйістірді. Үш раунд бойы қысым көрсетуге тырысқанымен, төрешілер 5:0 есебімен жеңісті қарсыласқа берді.

Махмұд Сабырхан – ұлттық құрамадағы тәжірибелі спортшы. Ол 2023 және 2025 жылдары әлем чемпионы атанса, 2021 жылы күміс жүлде иеленді. Азия чемпионатында 2022 жылы екінші орынға, 2024 жылы алтын медальға қол жеткізген.

Бұдан бұрын ел құрамасынан Бақыт Сейдіш (70 келі) финалға жолдама алса, Валентина Хальзова (70 келі) қола медальмен марапатталған.

Енді Қазақстан құрамасынан төрт спортшы шаршы алаңға шығады:

Надежда Рябец (80 келі) – үндістандық Пуджа Ранимен

Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) – өзбекстандық Олтиной Сотимбоевамен

Ертуған Зейнуллинов (65 келі) – таиландтық Бунджонг Синсиримен

Төрехан Сабырхан (70 келі) – қытайлық Пейчен Ванға қарсы

Сонымен қатар ерлер құрамасынан Оразбек Асылқұлов (60 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Нұрбек Оралбай (85 келі), Сағындық Тоғамбай (90 келі), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) және әйелдерде Айгерім Сәттібаева (48 келі) жартылай финалға жолдама сарапқа салынады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандық боксшы Джалоловты нокаутқа түсіре алатынын айтты

admin_beksports

Ресей мен Беларусь World Boxing ұйымына қосылды

Redaktor

Ең мықты спортшы ғана олимп шыңын бағындырады — Мырзағали Айтжанов

Redaktor