Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарСұхбат

«Футбол қатал спорт»: Ферапонтов «Қайсар» неге жеңе алмай жүргенін айтты

"Оқжетпес" ФК баспасөз қызметі

Қазақстан Премьер-лигасының төртінші турында қызылордалық «Қайсар» өз алаңында «Қызылжармен» 0:0 есебімен тең ойнады. Бұл – команда үшін маусым басындағы төртінші матчта да жеңістің болмауы.

Кездесуден кейін «Қайсардың» бас бапкері Андрей Ферапонтов ойынға қатысты пікір білдірді.

«Бұл тең ойын біз үшін мүлде әділетсіз болды. Біз барлық компонент бойынша жақсы ойнадық. Бүгін жеңіске лайық едік, тіпті екі гол соқтық деп есептеймін. Бірақ таблода тағы да нөл. Бұған біз де, ойыншылар да, жанкүйерлер де наразы. Оларды жақсы түсінемін. Енді сабыр сақтап, сәттерді жүзеге асыруға көбірек көңіл бөлуіміз керек. Біз қарсыластан әлдеқайда мықты болдық: қақпаға соққыларымыз екі жарым есе көп, допқа иелік етуіміз екі есе жоғары, 14 бұрыштама орындадық. Бірақ футбол кейде қатал – ол әрдайым лайық командаға жеңіс сыйлай бермейді. Жұмыс істей береміз. Бізге жеңіс ауадай қажет», – деді бапкер.

Айта кетейік, «Қайсар» ҚПЛ-2026 маусымының алғашқы төрт турында үш рет тең ойнап, бір мәрте жеңіліске ұшырады.

Ұқсас жаңалықтар

Әли Әлиев Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды

Redaktor

Сметовпен бір салмақта күрескен қазақстандық дзюдошы допинг дауына ілікті

Redaktor

Бақыт Сәрсекбаев ұлттық құрамадағы өсек-аяңды тоқтатуға шақырды

Redaktor