Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Чемпиондар лигасы: «Бавария» сырт алаңда «Реалды» жеңді

©ФК "Бавария"

Германияның «Бавария» клубы УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалындағы алғашқы матчта мадридтік «Реалды» сырт алаңда жеңіп шықты.

Кездесу Мадридтегі «Сантьяго Бернабеу» стадионында өтіп, қонақтардың 2:1 есебіндегі жеңісімен аяқталды.

Ойынның 41-минутында мюнхендік команданың вингері Луис Диас мергендік танытса, үзілістен кейін, 46-минутта Англия құрамасының капитаны Харри Кейн «Баварияның» басымдығын еселей түсті.

74-минутта «Реал» сапынан Килиан Мбаппе есеп айырмасын қысқартқанымен, алаң иелері таразы басын теңестіре алмады.

Командалар арасындағы қарымта матч 15 сәуірден 16 сәуірге қараған түні Мюнхендегі «Альянц Арена» стадионында өтеді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Ақтаулық теннисші Англия турнирінің іріктеу кезеңінде жеңіске жетті

Redaktor

«Ұлттық құраманың ерке баласы»: Нұрбек Оралбай Қазақстан чемпионатына қатыспайды

Redaktor

Геннадий Головкин ХОК-тің штаб-пәтеріне барды

Redaktor