Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

Бокстан Азия чемпионатының финалына 8 қазақ шықты

Моңғолияның Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында жартылай финалдық жекпе-жектер аяқталып, финалға шыққан спортшылар толық анықталды.

Қазақстан құрамасынан сегіз боксшы шешуші кезеңге жолдама алып, алтын медаль үшін бақ сынайды.

Ерлер арасындағы финалистер:

60 кг – Оразбек Асылқұлов

70 кг – Төрехан Сабырхан

75 кг – Сабыржан Аққалықов

85 кг – Нұрбек Оралбай

+90 кг – Айбек Оралбай

Әйелдер арасындағы финалистер:

70 кг – Бақыт Сейдеш

80 кг – Надежда Рябец

+80 кг – Дина Исламбекова

Финалдық жекпе-жектер 9 және 10 сәуір күндері өтеді. 9 сәуірде әйелдер арасындағы жеңімпаздар анықталса, 10 сәуірде ерлер финалы өтеді.

Айта кетейік, бірқатар финалдық кездесулерде қазақстандық боксшылар Өзбекстан спортшыларымен жұдырықтасады. Жалпы, финалистер саны бойынша Қазақстан мен Үндістан құрамалары (8 спортшыдан) көш бастап тұр. Өзбекстаннан – 7, ал Солтүстік Корея мен Қытайдан 3 боксшыдан финалға шыққан.

Ұқсас жаңалықтар

Александр Бублик әлемдік рейтингіде рекордтық 17-орынға көтерілді

admin_beksports

Төрехан Сабырхан Испаниядағы жарыста қарсыласын ірі есеппен жеңді

Redaktor

Қазақстаннан қысқы Олимпиадаға қанша спортшы қатысатыны белгілі болды

Redaktor