Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Әлем чемпионаты: Иранның орнына Италия құрамасы баруы мүмкін

Getty Images

ФИФА 2026 жылғы әлем чемпионатына Иран ұлттық құрамасы қатысудан бас тартуы мүмкін деген жағдайға байланысты қосымша жоспар әзірлеп жатыр. Бұл туралы RMC Sport хабарлады.

Дереккөз мәліметінше, Таяу Шығыстағы геосаяси ахуалдың шиеленісуі Иран құрамасының мундиальға қатысуына кедергі келтіруі мүмкін. Осыған байланысты ФИФА балама сценарий ретінде құрлықаралық плей-офф матчтарын өткізу нұсқасын қарастыруда.

Егер бұл жоспар іске асса, іріктеу кезеңінен өте алмаған құрамаларға әлем чемпионатына жолдама алу үшін қосымша мүмкіндік беріледі. Болжам бойынша, мұндай матчтарға Азия футбол конфедерациясы мен UEFA аймақтарынан бірнеше команда қатысуы мүмкін.

Бұл өз кезегінде іріктеу кезеңінде жолдама ала алмаған Италия құрамасы секілді мықты командаларға әлем чемпионатына қатысуға тағы бір мүмкіндік беруі ықтимал.

Айта кетейік, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексика аумағында өтеді.

Алдын ала жоспарланған кестеге сәйкес, Иран құрамасы топтық кезеңде Инглвуд қаласында Жаңа Зеландия және Бельгия құрамаларымен, ал Сиэтлде Мысыр құрамасымен кездесуі тиіс болған.

Ұқсас жаңалықтар

Ғалымжан Кенжебек Словакия клубына ауысты

Redaktor

Бақбергеновалардың бапкері ұлттық құраманы жаттықтырады

Redaktor

Қазақстан футбол федерациясының жаңа бас демеушісі анықталды

Redaktor