Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Алтынай Жорабаева сүйінші сұрады

Фото: instagram.com/altynaizhorabayeva

Отандық эстрада жұлдызы Алтынай Жорабаева қызының тұрмысқа шығатынын мәлімдеп, жақында құдағи атанатынын жеткізді.

Өнер иесі бұл қуанышты жаңалығын өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Ол болашақ құдаларымен ақ дастархан басында кездесіп, танысқанын жазған.

Әншінің айтуынша, бала қуанышы – ата-ана үшін ең үлкен бақыт.

«Көп нәрсе айтқым-ақ, жазғым да келіп тұр. Балаңның әрбір қуанышы ата-ана үшін мың есе қуаныш қой. Тәтті шәй тәттілермен басталды. Ақ көңіл, адал ниетпен ақ дастархан басында бас қосып, болашақ құдаларымызбен танысып, көңілімізді бірлеп алдық, шүкір. Өміріміздің «құда-құдағи» деген асуы басталғалы жатыр, бұйырса», – деп жазды ол.

Өнер иесі бұл күннің өзі үшін ерекше мәнге ие болғанын атап өтті. Кездесу жылы атмосферада өтіп, екі жақ бір-бірімен жақын танысқан.

Сондай-ақ әнші балаларына ақ тілегін арнап, олардың болашағына тек жақсылық тіледі.

«Балапандарымызға тағдырдың тартуы тек тәтті болсын. Балаңның әрбір қуанышы ата-ана үшін мың есе қуаныш қой», – деді ол.

Жазба соңында Алтынай Жорабаева оқырмандарын жастарға ақ тілек айтып, бақыт тілеуге шақырды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Алтынай Жорабаева (@altynaizhorabayeva)

Ұқсас жаңалықтар

Қарақат Әбілдина ренішін айтты

Redaktor

Ақан Сатаевтың экс-жұбайы ажырасудың негізгі себебін алғаш рет ашық айтты

Redaktor

«Екеуің мықтысыңдар»: «Меломен» тобының мүшесі 12 жылдан кейін қызды болғанын мәлімдеді

Redaktor