Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарКүрес

Данияр Қайсанов Азия чемпионатындағы нәтижені қорытындылады

ҰОК РК

Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен еркін күрестен Азия чемпионатынан кейін Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Данияр Қайсанов жарыс қорытындысына баға беріп, алдағы жоспарлар туралы айтты.

Бапкердің айтуынша, қазақстандық балуандар құрлықтың үздік спортшыларымен өткен белдесулерде негізінен жылдамдық пен қарқын жағынан ұтылған.

Біздің балуандар көбіне “классикалық” стильде күреседі, ал қазіргі қарсыластар жоғары қарқын мен динамикаға сүйенеді. Осы бағытта біз қалып қойып отырмыз. Бұл мәселемен алдағы уақытта нақты жұмыс істейміз. Азия ойындарына дейін уақыт аз, – деді Қайсанов.

Оның сөзінше, алдағы кезеңде құраманың дайындығы күрес қарқынын арттыру мен заманауи стильге бейімделуге бағытталмақ.

Ұқсас жаңалықтар

«Футбол қатал спорт»: Ферапонтов «Қайсар» неге жеңе алмай жүргенін айтты

Redaktor

Ризабек Айтмұқан жалғыз өзі әлем чемпионатынан жүлде алды

Redaktor

Ризабек Айтмұхан еркін күресті таңдағанына өкініш білдірді

Redaktor