Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Ұлттық құрама футболшысы дебют ойынында сәтсіздікке ұшырады

Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Ғалымжан Кенжебек «Ахмат» клубы сапындағы алғашқы ойынын өткізді.

Грозныйлық команда Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары аясында Сербияның «Нови-Пазар» клубымен жолдастық кездесу өткізді. Бұл матчта Ғалымжан Кенжебек екінші таймда алаңға шығып, «Ахмат» сапындағы дебютін жасады.

Жартылай қорғаушы 66-минутта қақпаға қауіпті соққы жасағанымен, добы нысанадан сәл жоғары өтті. Нәтижесінде «Ахмат» қарсыласына 0:1 есебімен жол берді.

Айта кетейік, команданың алғашқы таймын Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Максим Самородов толық өткізді. «Ахматты» Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов жаттықтырады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Футзалдағы жаңа кезең: Рикардо Кака кеткеннен кейін Қазақстан құрамасына қандай бапкер қажет?

Redaktor

Екі күн бойы ұйықтамадым — Михаил Шайдоров

Redaktor

Дзюдодан Загребтегі Гран-при турнирінде бақ сынайтын спортшылар белгілі болды

Redaktor