Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарФутбол

ӘЧ-2026: Швейцария өз тобында бірінші орын алды

Фото: Reuters

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі үшінші турда Швейцария құрамасы Канаданы 2:1 есебімен жеңді.

Кездесу Канаданың Ванкувер қаласындағы «Би-Си Плэйс» стадионында өтті. Матчтың алғашқы таймы голсыз аяқталғанымен, үзілістен кейін швейцариялықтар шабуылды күшейтті.

46-минутта Рубен Варгас есеп ашса, 57-минутта Йохан Манзамби команданың басымдығын арттырды. Канада құрамасы 76-минутта Промис Дэвидтің голы арқылы есеп айырмасын қысқартқанымен, матч тағдырын өзгерте алмады.

Осылайша, Швейцария жеті ұпай жинап, В тобында бірінші орынға көтерілді және плей-офф кезеңіне жолдама алды. Төрт ұпай еншілеген Канада екінші орынмен келесі кезеңге өтті.

Топтағы тағы бір үміткер Босния және Герцеговина құрамасының (4 ұпай) плей-оффқа шығу мүмкіндігі үшінші орын алған командалардың рейтингінен кейін белгілі болады. Ал бір ғана ұпай жинаған Катар құрамасы соңғы орынға тұрақтады.

Еске салсақ, В тобының екінші орын иегері 1/16 финалда А тобының екінші орнын алған құрамамен кездеседі.

Ұқсас жаңалықтар

«Ордабасы» тағы жеңілді

Redaktor

Ресейді қолдаған ФИФА президенті «Миротворец» тізіміне енді

Redaktor

Қазақстаннан қысқы Олимпиадаға қанша спортшы қатысатыны белгілі болды

Redaktor