Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарФутбол

Бақтиер Зайнутдинов Қытайға аттанды

Фото: Апенькин Сергей, «Чемпионат»

Қазақстан ұлттық құрамасы мен Мәскеудің «Динамо» клубының футболшысы Бақтиер Зайнутдинов Қытайға барды. Бұл туралы ресейлік клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

«Динамо» әлеуметтік желідегі ресми парақшасында қазақстандық футболшының Қытайдағы суреттерін жариялап, сапар барысында оны арнайы бағдарлама күтіп тұрғанын мәлімдеді.

«Бұл жолы Қытайға Баха Зайнутдинов аттанды. Команда демалыста болған кезде динамолық футболшыны Аспан асты елінде қызықты әрі мазмұнды бағдарлама күтіп тұр», – делінген клуб хабарламасында.

28 жастағы Зайнутдинов 2025 жылғы 19 қазанда Ресей Премьер-лигасында Грозныйдың «Ахмат» командасына қарсы өткен матчта жарақат алған еді. 2:2 есебімен аяқталған кездесуден кейін қазақстандық футболшы ұзақ уақыт ем қабылдап, оңалту кезеңінен өтті. Қазір ол біртіндеп бабына келіп жатыр.

Бұған дейін Қазақстан Премьер-лигасының өкілі – Шымкенттің «Ордабасы» клубы Зайнутдиновқа қызығушылық танытқаны хабарланған. Алайда футболшы Мәскеудің «Динамосындағы» мансабын жалғастыруға ниетті.

Ұқсас жаңалықтар

Дастан Сәтпаев енді Қазақстан жастар құрамасында ойнамайды

Redaktor

Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына қатысты іс 23 қаңтарда қаралады

Redaktor

Ресейлік қақпашы төрт пенальти қайтарған матчта ПСЖ кубок жеңіп алды

Redaktor