Жартылай ауыр салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы Дмитрий Бивол келесі айқасын IBF нұсқасы бойынша міндетті үміткер, неміс спортшысы Михаэль Айфертке қарсы өткізуі мүмкін.
Бұл туралы The Ring журналының журналисті Майка Коппинджер Биволдың менеджері Вадим Корниловқа сілтеме жасап хабарлады.
Мамандар бұл жекпе-жекті Бивол үшін операциядан кейінгі алғашқы айқас ретінде қолайлы деп есептейді.
Биволдың бапкері Геннадий Машьянов операциядан кейінгі қалпына келу мерзімін алты ай деп атап өтті. Коппинджердің мәліметінше, реабилитация бағдарламасы бел аймағы бұлшықеттерін нығайтуға бағытталған.
Бивол омыртқаға жасалған операциядан кейін 2026 жылдың наурыз–сәуір айларында рингке оралып, міндетті қорғау жекпе-жегін өткізуді жоспарлап отыр.
