Beksports спорт порталы
Басқа спорт түрлеріЖаңалықтар

Бибісара Асаубаева Шымкенттегі турнирдің жүлдегері атанды

Шымкентте әйелдер арасындағы FIDE Гран-приінің екінші кезеңі өз мәресіне жетті. Турнирдің нәтижесінде қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева қола жүлдегер атанды.

E Women’s Grand Prix Series 2024-2025 турнирінің екінші кезеңінде қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева қола медаль жеңіп алды. Ал аталмыш бәсекеде Александра Горячкина жеңімпаз атанды. Одан жарты ұпай аз жинаған әлемнің экс-чемпионы қытайлық Тань Чжуньи 2-орынды иеленді.

 8 қарашада жарыстың жабылу іс-шарасы да салтанатты жағдайда өтіп, оған Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов, KazChess бірінші вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов қатысты.

 Айта кетейік, қазіргі таңда шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Бибісара Асаубаева жалпы FIDE Гран-приінің кестесінде 2-орында келеді. Гран-при турнирінің алғашқы кезеңі жақында Грузияның Тбилиси қаласында өткен еді.

Ұқсас жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлының командасы В допинг-сынамасының нәтижесін растады

Redaktor

Сәтпаевтың рекорды, Тағыбергеннің пенальтиі. Уэльс-Қазақстан матчына шолу

Redaktor

Махмұд Сабырхан мен Наталья Богданова World Boxing нұсқасы бойынша «Жылдың үздік боксшылары» атанды

Redaktor