Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Қуанышты жаңалық! Отандық маман ресейлік ТОП клубтың жаттықтырушысы атанды

instagram.com/vadimborovskiy

Қазақстан жастар құрамасының және «Шахтердің» бұрынғы футболшысы Вадим Боровский Ресейдің ең танымал клубтарының бірі – Мәскеудің «Спартак» командасына бапкері болып тағайындалды.

Ол физикалық дайындық бойынша жаттықтырушы қызметін атқарады. Вадим Боровский 1986 жылы Қарағанды облысы, Сарань қаласында дүниеге келген. Футболшы ретінде «Шахтер», «Атырау» және «Алма-Ата» клубтарында өнер көрсетіп, 2011 және 2012 жылдары «Шахтермен» бірге Қазақстан чемпионы атанды. Сонымен қатар Қазақстанның жастар және жасөспірімдер құрамаларында да ойнаған.

2017–2021 жылдары Боровский «Қайрат-Жастар» командасында физикалық дайындық бапкері болып жұмыс істеді. 2021 жылы Мәскеудің «Спартак» клубының жүйесіне шақырылып, 2022 жылы жастар командасының бапкерлер құрамына кірді, ал 2024 жылдың қарашасында негізгі командаға көтерілді.

Боровскийдің Ресей Премьер-Лигасының алдыңғы қатарлы клубының штабына енуі – қазақстандық мамандардың кәсіби деңгейінің жоғары екенін дәлелдейді. Бұған дейін де тағы бір отандық жаттықтырушы Ерлан Ибраим «Крылья Советов» клубына шақырылған болатын.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлының командасы допинг дауына қатысты ресми мәлімдеме жасады

Redaktor

Бүгін Жапонияда Grand Slam турнирі басталады

Redaktor

Қазақстанда теннис ойнаудан бас тартқан Бублик жеке рекордын жаңартты

Redaktor

Пікір жазу