Beksports спорт порталы
Басқа спорт түрлеріБасты ақпаратЖаңалықтар

Руслан Құрбанов Әлем кубогінде үздік атанды

ҰОК
Бұл күндері Германияның Хайденхайм қаласында семсерлесуден әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр.

Бүгін Ұлттық құрама көшбасшысы, әлем чемпионатының қола жүлдегері Руслан Курбанов жекелей сынның жеңімпазы атанды. Ол ақтық сында әлем чемпионатының күміс жүлдегері Давиде ди Веролиді (Италия) жеңді. Есеп: 15:14.

Отандасымыздың жекпе-жектер нәтижесі мынадай:
1/32 айналым: Эльмир Әлімжанов (Қазақстан) 15:14✅️
1/16 айналым: Давид Надь (Мажарстан) 15:13✅️
1/8 айналым: Акира Комата (Жапония) 15:11✅️
1/4 кезең: Никита Жулинский (Қазақстан) 15:14 ✅️
Жартылай финал: Тристан Тюлен (Нидерланд) 15:9 ✅️

Сонымен қатар, бұл жарыста алғаш рет Ұлттық құраманың 4 спортшысы — Руслан Курбанов, Никита Жулинский, Кирилл Проходов пен Александр Федотов ТОП-16 қатарына кірді. Хайденхаймдағы кезеңде 44 мемлекеттің 373 үздік семсерлесу шебері күш сынасып жатыр.

Еске сала кетейік, былтыр жазда Грузия астанасы Тбилисиде өткен семсерлесуден әлем чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы кіші финалда Францияны жеңіп, қола медаль жеңіп алған. Бұл спорттың осы түріндегі тарихи жүлде саналады.

Ұқсас жаңалықтар

Милан-2026 қысқы Олимпиадасында Қазақстан туын ұстайтын спортшылардың есімдері белгілі болды

Redaktor

Ермахан Ибраимов жүлдесіне арналған халықаралық турнир өтеді

Redaktor

Үш өлімнен аман қалған Клинт Маларчук

Redaktor