Beksports спорт порталы
БоксЖаңалықтарСараптама

Төрехан Сабырхан мен Назым Қызайбай Қазақстанның үздік боксшылары атанды

Қарағанды қаласында ересектер арасында бокстан Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Ел біріншілігінің ең үздік екі боксшысы анықталды.

Ерлерден  ең үздік боксшы номинациясын 19 жастағы Төрехан Сабырхан (67 келі), әйелдерден Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай (48 келі) жеңіп алды

Төрехан Сабырхан 67 келіге дейінгі салмақта ересектер арасындағы алғашқы жарысына қатысып, чемпион болды.

Назым Қызайбай Париждегі Олимпиада ойындарынан кейін шаршы алаңға қайта оралды. Ол бұл жолы ұзақ үзілістен кейін 48 келіге дейінгі салмақта бақ сынады. Кезінде Назым осы салмақта екі дүркін әлем чемпионы атанған. Сосын Олимпиадаға қатысу үшін 51 келіге ауысқан.

Финалда екеуінің де қарсыласы денсаулығына байланысты жекпе-жекке шыққан жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Мөлдір Мұқан «Қорқыт–қобыз» әнін орындап, жұрттың сынына қалды

Redaktor

Бокстан Азия чемпионатының финалына 8 қазақ шықты

Redaktor

Мария Бровкова каноэде есуден әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Redaktor