Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарФутбол

Шымкентте скаутинг бойынша алғашқы оқыту семинары басталды

Фото: ҚФФ
Шымкентте скаутинг бойынша Қазақстандағы алғашқы оқыту семинары басталды. Бағдарлама бастапқы деңгейдегі (Level III) мамандарды даярлауға бағытталған. Оқу үдерісі 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы «Жалын» республикалық турнирі аясында өтіп, 16 сәуірге дейін жалғасады.

Семинарға 25-тен астам маман қатысады. Олардың қатарына жаттықтырушылар мен футбол ұйымдарының өкілдері енді. Шақырылған сарапшылар тізімінде FIFA-ның таланттарды анықтау және скаутинг бойынша сарапшысы Стив Марроу және UEFA-ның элиталық жасөспірімдер футболы жөніндегі маманы Роджер Мейхтри бар.

Курс бағдарламасы скаутинг, ойыншыларды іріктеу және бағалау дағдыларын дамытуға бағытталған теориялық және практикалық сабақтарды қамтиды. Қатысушылар заманауи талдау әдістерімен, ойыншыларды іріктеу қағидаларымен танысып, алған білімдерін жарыс жағдайында қолдану жолдарын меңгереді.

Семинардың практикалық бөлімі «Жалын» турнирінің матчтары барысында өтеді. Бұл қатысушыларға теориялық білімдерін іс жүзінде бекітіп, нақты ойын үрдісі жағдайында тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді.

Семинар Қазақстан футбол федерациясының ұйымдастыруымен өткізіліп, балалар мен жасөспірімдер футболы саласында жұмыс істейтін мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған. Оқу қорытындысы бойынша қатысушыларға бастапқы деңгейдегі (Level III) скаут сертификаты табысталады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан әлде Өзбекстан: Биыл қай елдің спортшылары көп медаль жеңіп алды?

Redaktor

Юрген Клопп бас бапкерлікке оралуы мүмкін

Redaktor

Бүгін Азия чемпионатында ел құрамасынан кім шаршы алаңға шығады

Redaktor