Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарХоккей

«Барыс» қолда тұрған жеңістен айырылып қалды

Фото: ©ХК "Барыс"

«Барыс» елордада Құрлықтық хоккей лигасы аясындағы кезекті кездесуін өткізіп, «Северсталь» (Череповец) командасынан 2:3 есебімен жеңіліп қалды.

Ойынның алғашқы кезеңінде қонақтар сапынан Данил Аймурзин 8-минутта есеп ашты. Екінші кезеңде қос команда да шабуылға иек артқанымен, таблодағы көрсеткіш өзгеріссіз қалды.

Үшінші кезеңнің басында Кирилл Танков «Северстальдің» басымдығын арттырды. Дегенмен, астаналықтар таразы басын теңестіре білді. Алдымен Всеволод Логвин мергендігімен көзге түссе, араға небәрі 21 секунд салып Мэйсон Морелли есепті 2:2-ге жеткізді.

Негізгі уақыт тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Қосымша уақытта тағы да Аймурзин шешуші шайбаны соғып, «Северстальге» жеңіс сыйлады.

Матч есебі:

«Барыс» (Астана) – «Северсталь» (Череповец) 2:3 ОТ
(0:1, 0:0, 2:1, 0:1)

Шайбалар:

  • 0:1 – Аймурзин (Скоренов, Ильин) – 08:45
  • 0:2 – Танков (Калдис, Чефанов) – 43:40
  • 1:2 – Логвин (Әсетов) – 52:13
  • 2:2 – Морелли (Симонов) – 52:34
  • 2:3 – Аймурзин (Ильин) – 61:05

Осылайша, «Барыс» 47 ұпаймен Шығыс конференциясында 10-орында қалып отыр. Ал «Северсталь» 78 ұпай жинап, Батыс конференциясында екінші сатыға көтерілді.

Айта кетейік, плей-офф кезеңіне турнир кестесінде алғашқы 16 орынға енген командалар жолдама алады. Қазақстандық клуб соңғы екі маусымда бұл межеге жете алған жоқ.

Астаналық ұжым алдағы алты ойынын сырт айдында өткізеді. 28 ақпанда Мәскеуде Спартак командасымен кездессе, одан кейін «СКА» (Санкт-Петербург), «Шанхай айдаһарлары» (Шанхай), «Амур» (Хабаровск) және «Адмирал» (Владивосток) клубтарымен шеберлік байқасады.

Ұқсас жаңалықтар

«Мбөпе» атанған Шерхан Қалмырзаның карьерасын қайда жалғастыратыны белгілі болды

Redaktor

Ризабек Айтмұқан екі айда екінші рет әлем чемпионы атанды

Redaktor

Софья Берульцева каратеден әлем чемпионатының финалына шықты

Redaktor