Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарТеннис

Александр Бублик әлемдік рейтингте алғаш рет ТОП-10-ға кірді

Фото: Adam Pretty/Getty Images

Кеше Александр Бублик Гонконгта өткен Hong Kong Open турнирінде жеңіске жетіп, ATP әлемдік рейтингінде 11-орыннан 10-орынға көтерілді. Осылайша ол ерлер арасындағы ATP рейтингінің ТОП-10 қатарына енген алғашқы қазақстандық теннисші атанды.

Қазақстандық өзге спортшылардың да көрсеткіштері жақсарды. Александр Шевченко 106-орыннан 104-орынға жоғарыласа, өткен аптада Бангалор турнирінің финалына дейін жеткен Тимофей Скатов бірден 40 сатыға көтеріліп, 235-тен 195-орынға орнықты.

Әйелдер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA рейтингінде 5-орнын сақтап қалды. Ал Юлия Путинцева 74-орыннан 105-орынға төмендеді. Жұптық сында Анна Данилина 14-орында қалды.

Финал қалай өтті?

ATP-250 санатындағы Гонконг турнирінің финалында Бублик әлемдік рейтингтің үздік бестігіне енетін италиялық Лоренцо Музеттимен кездесті. Қарсыластар бұған дейін үш рет ойнап, жеке есепте 2:1 есебімен қазақстандық теннисші алда тұрған еді.

Алғашқы сет аса тартысты өтіп, тай-брейкте Бублик 7:6 (7:2) есебімен басым түсті. Екінші партияда да ойын тең өрбігенімен, 3:2 кезінде Музетти оң қолындағы жарақатына байланысты дәрігер көмегіне жүгінді. Үзілістен кейін Александр қарқынын күшейтіп, сетте 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Бұл жеңіс Александр Бублик үшін тарихи болды. Ол мансабында тұңғыш рет әлемнің үздік он теннисшісінің қатарына еніп, Қазақстан теннисі тарихында бұрын-соңды болмаған жетістікке қол жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Футзалдан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкерінің есімі аталды

Redaktor

Ат спортынан елорда төрінде дәстүрлі қалалық жарыс басталды

Redaktor

Бес баланың анасы Әйгерім Сәттібаева қола жүлдегер атанды

Redaktor