Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутзал

«Қайрат» Чемпиондар лигасындағы өз алаңындағы ойындарын қайда өткізетіні белгілі болды

©x.com/UEFAFutsal

Алматының «Қайрат» футзал клубы Қазақстан чемпионаты мен Чемпиондар лигасындағы өз алаңдағы ойындарын Балуан Шолақ атындағы спорттық-мәдени кешенде өткізетін болды.

Клуб 1/8 финалда бельгиялық «Спортинг-Андерлехт» командасымен кездеседі. Бірінші матч 24 қарашада, ал қарымта ойын 5 желтоқсанда өтеді. 1/8 финалдан өткен сегіз команда ширек финалға шығып, оның матчтары 23 ақпан мен 6 наурызға жоспарланған. Ширек финал жеңімпаздары финалдық кезеңде 8 және 10 мамырда Италияның Пезаро қаласында өнер көрсетеді.

Сонымен қатар Қазақстанның тағы бір өкілі – «Семей» клубы да Чемпиондар лигасының 1/8 финалында бақ сынайды.

Ұқсас жаңалықтар

Юлия Путинцева US Open турнирінің үшінші айналымына өтті

Redaktor

«Өзбектерден қорықты ма?»: Отандық боксшылар Ислам ынтымақтастығы ойындарына қатыспайды

Redaktor

Дзюдодан Қазақстан командасы Алматы облысында дайындалуда

Redaktor

Пікір жазу