Beksports спорт порталы
ДзюдоЖаңалықтар

«Оңай болған жоқ»: Елдос Сметов мәлімдеме жасады

instagram/@yeldos60kg

Олимпиада чемпионы Елдос Сметов әлеуметтік желідегі парақшасында екі аптаға созылған оқу-жаттығу жиынынан әсерлі бейнежазба жариялады. Видеода дзюдошының күнделікті дайындық сәттері, залдағы қарқынды жаттығулар мен командалық жұмыс көрініс тапқан.

Чемпионның айтуынша, бұл кезең оңайға соқпаған.

«Біздің 2 апталық оқу-жаттығу жиынымыз өз мәресіне жетті. Бұл уақыт біз үшін оңай болған жоқ. Күн сайын жаттығу, күн сайын еңбек, күн сайын тәртіп. Осы жиында біз көп нәрсе үйрендік, тәжірибе жинадық, өзімізді сынадық. Бұл – үлкен жолдағы бірінші қадамымыз.Біз сол қадамнан өттік деп сенімді айта аламыз. Алда әлі талай жұмыс бар, талай дайындық, талай сынақ күтіп тұр. Бірақ біз тоқтамаймыз. Бұл тек бастамасы. Алға қойған мақсаттарымыз үлкен», – деп жазды Сметов.

Дзюдошының сөзінше, жиын барысында күн сайынғы қатаң тәртіп пен тынымсыз еңбек басты талапқа айналған. Осы уақыт ішінде команда көп тәжірибе жинап, өз мүмкіндіктерін қайта сынаған.

Айта кетейік, Елдос Сметовтің жаттығу залынан жариялаған видеосы жанкүйерлер арасында қызу талқыланып жатыр. Көпшілік спортшының дайындығы мен қарқынына жоғары баға беріп, қолдау пікірлерін қалдыруда.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от YELDOS SMETOV (@yeldos60kg)

Ұқсас жаңалықтар

The Ring журналы Жәнібек Әлімханұлын рейтингтен шығарып тастады

Redaktor

Суперкомпьютер Еуро-2024 турнирінің жаңа фаворитін атады

admin_beksports

Өзбекстан әлем чемпионатында Португалиямен ойнайды

Redaktor