Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Қазіргі келіндер есіктен кіріп алып, «төр менікі» деп өз ережесін орнатқысы келеді – Гүлзира Айдарбекова

Продюсер, танымал қоғам қайраткері Гүлзира Айдарбекова журналист Мөлдір Мұқановаға берген сұхбатында бүгінгі келіндердің мінезі мен отбасылық қарым-қатынастар туралы ойын ортаға салды.

Айдарбекованың айтуынша, көп жағдайда жаңа түскен келіндер үйге келген сәттен бастап қателіктер жібереді. Ол келін мен ене арасындағы сыйластықтың отбасы бақытына тікелей әсер ететінін атап өтті.

«Әр баланың артында анасы тұрады, әйелінен бұрын анасы тұрады. Ана деген ұлын жақсы қылуға тырысады, ал кей келіндер соны қызғанады. Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды дейді ғой. Ал егер келін аздап төзім танытып, ақылмен әрекет етсе, енесін де, күйеуін де өз орнына қоя алады. Ақылды әйелге бұл түк емес», — деді продюсер.

Гүлзира Айдарбекованың сөзінше, қазіргі келіндердің басты қателігі – өз енесіне қарсы келіп, күйеуіне ренжігіштік танытуы.

«Келін болған соң, келген жеріне сыйлы болып, әулеттің тәртібіне үйренуі керек. Ал қазір келіндердің көбі есіктен кіріп алып, «төр менікі» деп өз ережесін орнатқысы келеді. Бұл – ең үлкен қателік. Бастапқыда-ақ енесі мен ағайын-туыстарға сый-құрмет көрсеткен келін өмір бойы қадірлі болып өтеді», — деп пікір білдірді Айдарбекова.

Ол сонымен қатар қазіргі қоғамда отбасындағы әйел мен ененің арасындағы түсіністіктің азайғанын айтып, қазақы тәрбиенің маңыздылығын еске салды.

«Келін – шаңырақтың сәні. Тек ақылмен, сабырмен әрекет еткен әйел ғана отбасын ұстап қалады. Ал қызғаныш пен менмендік бәрін бұзады», — деді ол сұхбат соңында.

Айта кетейік, Гүлзира Айдарбекова соңғы уақытта әлеуметтік желілерде жиі отбасы, әйел тәрбиесі және ұлттық құндылықтар туралы ойларымен бөлісіп жүр.

 

@muznur7 #гулзираайдарбекова#келіндер сәл шыдап жіберсебәрі жақсыболады#fyrrrrrrrrerrree ♬ оригинальный звук — MuzNur

Ұқсас жаңалықтар

Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовтің соңғы хаттарын жариялады

Redaktor

«Адасқандық!»: Қарақат Әбілдина Тұрсынбек пен Мөлдір дауына пікір білдірді

Redaktor

Төреғали Төрәлінің қарындасы үшінші сәбиін күтіп жүр

Redaktor

Пікір жазу