Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

«Құдай-ау, неткен еркек»: Динара Сәтжан күйеуінің ерекше суретін жариялады

Әлеуметтік желі

Белгілі тележүргізуші әрі блогер Динара Сәтжан күйеуі Жұмабек Жанықұлдың ауылында түсірілген жаңа жазбасымен көпшіліктің назарын өзіне аударды.

Динара Сәтжан Сарыағаш ауданына қарасты Сіргелі ауылына барған сапарынан фотолар мен видеолар жариялап, ауылдың адамға ерекше қуат беретінін атап өтті.

«Ауыл – әр қазақтың күш-қуат алып, рухы биіктейтін мекені», деп жазды ол сторисінде.

Тележүргізуші күйеуінің суретін ресейлік әнші Наталидің «О, Боже, какой мужчина» әнімен бірге жариялап, көптің қызығушылығын тудырды. Әлеуметтік желі қолданушылары Динараның келіндік образына жылы пікірлер қалдырып, ерлі-зайыптыларға ақ тілектерін білдірді.

Кейбір желі оқырмандары тележүргізушінің соңғы жазбаларына қарап, оның күйеуінен балалы болғысы келетінін меңзегенін де жарыса талқылап жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Димаш Мұхтар Шахановтың үйіне көңіл айтуға барды

Redaktor

Баян Алагөзовтың күйеуі енді халыққа жыл сайын 100 пәтер сыйлап тұрмақ

Redaktor

Күн сайын түрме мен аурухананың арасында жүрдім – Баян Есентаеваның үлкен қызы

Redaktor

Пікір жазу