Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарТеннис

Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінің жартылай финалына шыға алмады

ҚР ҰОК

Теннистен Қазақстанның әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан WTA қорытынды турнирінде сәтсіз өнер көрсетуде. 

Күлгін топта ол төрт матчтың екеуін өткізіп, екі ойында да жеңіліс тапты. Нақтырақ айтқанда Рыбакина итальяндық Жасмин Паолини мен қытайлық Чжан Цинвэнға есе жіберді. Осылайша, жартылай финалға шығу мүмкіндігінен айырылды.

Әлемдік рейтингтің көшбасшысы Арина Соболенкоға (Беларусь) қарсы алдағы матч Елена үшін аса қатты маңызды емес.

Айта кетейік, әр топтан жартылай финалға екі спортшыдан шығады.

Ұқсас жаңалықтар

Сәкен Бибосыновтың кәсіби рингтегі екінші жекпе-жегі сенсациямен аяқталды

Redaktor

«Қайрат» – «Олимпиакос»: матчты қайдан тамашалауға болады?

Redaktor

Алматыда күрестен U17 және U20 бойынша ел чемпионаты өтеді

Redaktor