Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарҰлттық спорт

өшпенділер ойындары: Астанада атқа мінгендер шеруі өтті

Алдағы дүниежүзілік көшпенділер ойындарына орай елордалық бір топ белсенді қала көшелерін атпен аралады.

Таңертең «Барыс Арена» алаңына атқа мінген белсенділер жиналды. Олардың мақсаты – дүниежүзілік көшпенділер ойындарын насихаттау. Жиналған халықтың арасынан ат шеруін ұйымдастырушыны кездестірдік.

«Ұлы дала дүбіріне жақын қалды. Біздің мақсат – көшпенділер ойындарын насихаттау. Бұл шара енді апта сайын өтеді. Біз қазір атқа отырып елорда көшелерін аралап өтеміз. Айта кететін жайт, бұл жерге кәсіби спортшылар емес, белсенділер жиналған, яғни атпен серуендеуге құмар жандар. Біз барша жұртты көшпенділер ойындарын көруге шақырамыз. Себебі біз көшпенді халықпыз, өз ерекшелігімізді мақтан тұтуымыз қажет», — дейді Tengri Road саяхатшылар ат клубының негізін қалаушы Сағадат Темкенов.

Ұқсас жаңалықтар

Жанқош Тұраров Алматыда чемпиондық атағын қорғайды

Redaktor

Валентина Хальзова Олимпиаданың іріктеу кезеңін сәтті бастады

admin_beksports

Мария Бровкова каноэде есуден әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Redaktor

Пікір жазу