Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарКүрес

Ризабек Айтмұқан екі айда екінші рет әлем чемпионы атанды

ҚР ҰОК

Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұқан жастар арасында әлем чемпионы атанды.

Тиранада өтіп жатқан әлем біріншілігінде жерлесіміз 97 келі салмақта үздік атанды. Финалдық айқасын ол ирандық Махди Морафаға қарсы өткізді.

Осылайша Ризабек аталған әлем чемпионатында жүлде алған қазақстандық жалғыз балуан болып отыр. Ол іріктеу кезеңдерінде Канада, Беларусь, Ресей балуандарын ірі есеппен ұтты.

Айта кететін жайт, Ризабек Айтмұқан қыркүйек айында 20 жасқа дейінгі жастар арасында да әлем чемпионы атанған болатын. Ол бір айдан астам уақыт ішінде екінші рет әлем біріншілігінде топ жарып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Милан-2026: Қазақстан қоржынында қысқы Олимпиаданың қанша жолдамасы бар?

Redaktor

Мейірім Нұрсұлтанов пен Карлос Адамес жекпе-жегі не себепті әлі өтпей келеді?

Redaktor

Странджа кубогында қазақстандық боксшылар Өзбекстаннан қалып қойды

Redaktor