Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

Странджа кубогында қазақстандық боксшылар Өзбекстаннан қалып қойды

ҰОК

Қазақстан құрамасы бокстан София қаласында (Болгария) өтіп жатқан халықаралық Странджа турнирінде төрт алтын медаль жеңіп алды.

Алтын медальді мыналар жеңіп алды: Даниял Сәбит (50 келіге дейін), Элина Базарова (54 келіге дейін), Надежда Рябец (80 келіге дейін), Валерия Аксенова (80 келіден жоғары).

Фарух Тоқтасынов (70 келіге дейін) және Лаура Есенкелді (65 келіге дейін) күміс медальға ие болды.

Әнел Сақыш (54 келіге дейін), Валентина Хальзова (75 келіге дейін), Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) қола жүлдемен жарысты аяқтады.

Жалпыкомандалық есепте Өзбекстан құрамасы жеті алтын медальмен топ жарды. Кейінгі орындарға Қазақстан (4 алтын), Украина (3), Англия (2), Болгария (2), Косово (1) және АҚШ (1) орналасты.

Ұқсас жаңалықтар

«Қайрат» «Брюгге» мен «Арсеналға» қарсы ойын алдында құрамын күшейтті

Redaktor

Нурмагомедовты нокдаунға түсірген қазақ UFC-дегі чемпиондық туралы ресми мәлімдеме жасады

Redaktor

Өзбекстан тағы бір ірі спорттық жарысты қабылдауға дайындалып жатыр

Redaktor