Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

«Жақсылап дайындал»: Лара Жәнібек Әлімханұлына қатаң ескерту жасады

Фото: Getty Images

Орта салмақта WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы, кубалық Эрисланди Лара алдағы жекпе-жек алдындағы эмоциялық мәлімдемесімен бөлісті.

42 жастағы Лара 6 желтоқсанда өтетін айқаста WBO және IBF чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына қарсы шығады. Кубалық боксшы бұл кездесуге тың дайындықпен келетінін айтып, қарсыласына ашық хабарлама жолдады:

Мен үшін бокс – өмірімнің ең басты бөлігі. 42 жаста болсам да, мотивациям жоғалған жоқ. Отбасым, балаларым және өз атымды тарихта қалдыру үшін күресемін. Әлі де өзімнің мықты екенімді дәлелдегім келеді. 6 желтоқсанда кездесеміз, Жәнібек! Жоспарың қандай болса да, мен оған дайын боламын. Сондықтан сен де жақсылап дайындал! — деді Лара жекпе-жек алдындағы онлайн конференцияда.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың 5 сәуірінде Астанада өткізіп, француз боксшысы Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 KO) бесінші раундта нокаутпен жеңген болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Көкпардан Түркістанның командасы жеңіске жетті

admin_beksports

Футзалдан Арменияға есе жібердік

Redaktor

Қазақ тілін үйренуден бас тартқан бапкердің командасы тағы да оңбай жеңілді

Redaktor

Пікір жазу