Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

«ПСЖ клубының төрт ойыншысы бар»: 2025 жылдың ең үздік футболшысы атағына үміткерлер тізімін жариялады

Фото: FIFA

ФИФА (Халықаралық футбол федерациясы) 2025 жылдың ең үздік футболшысы – The Best FIFA Men’s Player жүлдесіне үміткер 11 ойыншының тізімін ұсынды.

Тізімге ПСЖ клубының төрт ойыншысы енді. Олардың қатарында биылғы «Алтын доп» иегері Усман Дембеле, сондай-ақ Ашраф Ҳакимий, Нуну Мендеш және Витинья бар.

Сонымен бірге үміткерлер арасында:

Харри Кейн («Бавария»),

Килиан Мбаппе («Реал»),

Коул Палмер («Челси»),

Мохаммед Салах («Ливерпуль») және «Барселона» клубының үш ойыншысы – Педри, Рафинья және Ламин Ямал бар.

Айта кетейік, өткен жылы бұл марапатты «Реал» шабуылшысы Винисиус Жуниор иеленген болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Миланда XXV қысқы Олимпиаданың ашылу салтанаты өтті

Redaktor

Сабыржан Аққалықов қарсыласын нокаутқа түсірді

Redaktor

Армрестлингтен әлем чемпионаты: Қазақстан 82 алтын медаль жеңіп алды

Redaktor