Tennishead.net сайты Қазақстанның үздік теннисшісі, қазіргі ATP рейтингінде 13-орында тұрған Александр Бубликке қатысты сын пікір білдірді. Басылымның жазуынша, биылғы маусымда Бублик бірнеше рет өзінен әлдеқайда төмен рейтингтегі қарсыластарына күтпеген жерден есе жіберген.
«Бубликтің үздік теннисшілерге қарсы көрсеткіші жақсы болғанымен, ол рейтингі төмен қарсыластармен жиі ұтылып жүр. US Open турнирінен кейін ол 14 жеңіске жеткен, бірақ сол аралықта ATP турнирлерінде әлсіз ойыншылардан бірнеше рет жеңілген.
Мәселен, Виталий Сачкодан ұтылуы – соңғы екі айдағы рейтингтің екінші жүздігінен төмен тұрған теннисшілерден қатарынан үшінші рет жеңілуі. Бұған дейін ол Шанхайдағы «Мастерс» турнирінде финалға шығу мүмкіндігін жіберіп, 202-орындағы Валентен Вашероға жол берген еді. Сондай-ақ Дэвис кубогындағы 400-орыннан төмен тұрған Сун У Квоннан жеңілісі де күтпеген жағдай болды. Бублик 2025 жылғы тұрақсыз маусымнан сабақ алғанымен, төмен рейтингті қарсыластармен ойындағы әлсіз нәтижесі оның ATP маусымдық қорытынды турниріне қатысу мүмкіндігін шектеп тастады», – деп жазады Tennishead.net.
