Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

«Сырқатына қарамастан сахнаға шықты»: Димаш Құдайберген 40 градус қызумен концерт өткізген

скриншот

Әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев ұлының соңғы концерті алдында денсаулығы күрт нашарлап кеткенін айтты.

Оның сөзінше, концерт болатын күні Димаштың дене қызуы 40 градусқа дейін көтерілген, бірақ ол тыңдармандарын ренжітпеу үшін шараны тоқтатпауға шешім қабылдаған.

Концерт өтетін күні жағдайы нашарлап кетті. Дене қызуы 40 градус болып тұрды. Концертті тоқтата алмаймыз, тым кеш. Сол күні сахнаның артында жедел жәрдем қызметкерлері кезекшілікте тұрды. Жиі-жиі ине салып тұрды. Осыған қатты алаңдадық. Мұндай жағдайда концерт ең алдымен тыңдармандарына деген шексіз махаббат арқылы ғана өткізілді. Мұндай жағдайда концерт өткізу өте қиын. Бірақ Димаш оны жасай алды, — деді Қанат Айтбаев.

Желі қолданушылары әншінің кәсібилігі мен жанкүйерлеріне деген құрметіне жоғары баға беріп, қолдау білдіруде.

Ұқсас жаңалықтар

Әнші Бүркіттің қарындасы өзіне қандай ер азаматтар ұнайтынын ашық айтты

Redaktor

Әнші Айгерім Қалаубаева биімен желіні шулатты

Redaktor

Тұрсынбек Қабатовтың қызы әншілік жолға қадам басты

Redaktor

Пікір жазу