Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

IBA Әлем чемпионатына қатысатын жұлдызды боксшылар тізімін жариялады

©IBA

Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) 2025 жылы Дубайда өтетін бокстан Әлем чемпионатына қатысатын ең үздік әуесқой боксшылардың ресми тізімін жариялады. Олардың қатарында Қазақстан құрамасының жетекші спортшылары Айбек және Нұрбек Оралбай бар екені расталды.

Ұйым таратқан мәліметке сәйкес, чемпионатқа Олимпиада және әлемдік додалардың ең атақты жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысады. Атап айтқанда:

Хасанбой Дусматов (Өзбекстан) – екі дүркін Олимпиада чемпионы, IBA әлем чемпионы;

Абдумалик Халоков (Өзбекстан) – Олимпиада және IBA әлем чемпионы;

Лорен Альфонсо Домингес (Әзербайжан) – 2024 жылғы Париж Олимпиадасының финалисі, IBA әлем чемпионы;

Саиджамшид Джафаров (Әзербайжан) – IBA әлем чемпионатының финалисі;

Нұрбек Оралбай (Қазақстан) – Париж-2024 Олимпиадасының финалисі, IBA әлем чемпионы;

Айбек Оралбай (Қазақстан) – Азияның екі дүркін чемпионы;

Хулио Ла Крус (Куба) – екі дүркін Олимпиада жеңімпазы, IBA-ның бес дүркін әлем чемпионы.

Биылғы Әлем чемпионаты 2–13 желтоқсан аралығында БАӘ-нің Дубай қаласында өтеді. Бұл турнир тарихтағы ең ауқымды жүлде қорымен ерекшеленеді — жалпы сыйақы мөлшері 8,3 миллион АҚШ долларын құрайды.

Жүлде қоры мынадай тәртіппен бөлінеді:

1-орын – 300 000 доллар

2-орын – 150 000 доллар

3-орын – 75 000 доллар

5-орын – 10 000 доллар

Ұқсас жаңалықтар

Юлия Путинцева US Open турнирінің үшінші айналымына өтті

Redaktor

Ресми: «Қайрат» Чемпиондар лигасындағы екі ойынын Астанада өткізеді

Redaktor

Жәнібек Әлімханұлы Ломаченкомен кездесіп, ресми мәлімдеме жасады

Redaktor

Пікір жазу