Beksports спорт порталы
Басқа спорт түрлеріБасты ақпаратЖаңалықтар

Александр Винокуровтың ұлы «Астана» велокомандасында спорт директоры қызметіне тағайындалды

Photo credit: ©SprintCycling

Қазақстандық велошабандоз, XDS Astana Development Team командасының бұрынғы мүшесі Александр Винокуров кіші биыл күзде ауыр жарақаттарға байланысты спорттық карьерасын аяқтаған еді. Алайда, спорттан кетпей, ол Халықаралық велоспорт одағының (UCI) оқу орталығында дайындықтан өтіп, емтиханнан сәтті өтіп, спорттық директор дипломын алды.

2026 жылдан бастап Александр XDS Astana Team құрамына тәлімгер спорт директоры ретінде қосылады. Ол тәжірибелі спорт директорлармен бірге жұмыс істеп, әлемдік тур мен континентальдық командалардың жұмысын үйренеді, сондай-ақ спорттық тиімділік тобымен тығыз ынтымақтасады.

XDS Astana Team-нің бас спорт директоры Александр Шефер атап өткендей, «Алекс соңғы маусымдарда бірнеше ауыр жарақат алды, бірақ қайсарлық танытып, командамен бірнеше жарысқа қатысты. Кариерсын аяқтау шешімі түсінікті болды. Дегенмен, ол велоспортта қалуды шешіп, жаңа рөліне оң көзқараспен қарауда. Бұл тәжірибе оған кәсіби велоспорттың жұмысын толық түсінуге мүмкіндік береді. Велосипед үстінен техникалық рөлге көшу оңай емес, бірақ Алекске дұрыс ынта мен талпыныс арқылы бәрі сәтті болады».

Айта кетейік, кіші Винокуровтың әкесі – Александр Николаевич XDS Astana Team командасының бас менеджері саналады.

Ұқсас жаңалықтар

Сәтпаевтың рекорды, Тағыбергеннің пенальтиі. Уэльс-Қазақстан матчына шолу

Redaktor

Асланбек Шымбергенов: Олимпиада алтынын алуға бар күшімді саламын

Redaktor

Сәкен Бибосыновтың кәсіби рингтегі екінші жекпе-жегі сенсациямен аяқталды

Redaktor

Пікір жазу